Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Т.Муратов аталған қызметке 2020 жылы тағайындалған болатын.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін менің елорданың  денсаулық сақтау саласындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт ішінде 3 жыл бойы сіздермен бірге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарттық, басым бағыттарды жетілдірдік, жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасадық, күн сайын қанша өмірді сақтап қалдық, азаматтардың денсаулығы үшін күрестік. Бәріміз бірге жаңа онжылдықтың қорқынышты пандемиясы – коронавирус инфекциясына қарсы тұрдық», - деп жазды Тимур Мұратов Facebook желісінде.

Т.Муратов аталған қызметке 2020 жылы тағайындалған болатын.