Суға кеткен баланы құтқарып, өзі қаза тапқан мұғалім «Айбын» орденімен марапатталды

Александр Руденко 2023 жылғы 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапты.

Президент қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқарам деп жүріп төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Александр Руденко 2023 жылғы 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапқан еді.

Фото: t.me/aqorda_resmi