Алматыдағы өрт: тұрғындар балаларын терезеден лақтырды (видео)

Бейнежазбадан тұрғындар балаларды терезеден төсенішке лақтырып жатқанын көруге болады.

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадан тұрғындар балаларды терезеден төсенішке лақтырып жатқанын көруге болады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт шарпыған аумақ нақтылану үстінде. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-300 адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды.

Өрт сағат 18:46-да оқшауланып, көп ұзамай толығымен сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 16 қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы жазған едік.