Астана іргесінде құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

Қызыл жалын 1 гектар аумаққа жайылды.

Ақмола облысы Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы маңында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр, – деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 15:06 шамасында тұтанған.

«Қызыл жалын 1 гектар аумаққа жайылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Ақмола облысы мен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді», – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына орманды дала алқаптарына барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.