Еңбекші ауылы – екі бірдей Еңбек Ері шыққан ауыл. Кезінде күріш егіп, Батыр Ана атанған Ұлбала Алтайбаева мен күрішші Байдүйсен Оразов Социалистік Еңбек Ері атанған болатын.
Сенатор өзінің жеке кітапханасындағы 4 000-ға тарта кітапты жыл сайын республика мектептеріне сыйға тарту дәстүрін биыл да жалғастырды. Бұған дейін Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық мәдениет үйіне, Түркістан облысы Сауран ауданы Абдолла Үсенов атындағы орта мектеп пен Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепке 200-350 кітаптан тарту еткен болатын.