Шахтерлер 55 жастан зейнетке шығатын болды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасы мүшелерімен кездесуі барысында кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі көтерілді.

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта шахтерлерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.