Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл жойылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі бойынша, Зайсан ауданы мен Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымында бірқатар өзгеріс жасалды. Атап айтқанда, Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі Жаңабаз ауылы Көгедай ауылына, Айнабұлақ ауылдық округіндегі Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылына, Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы Кеңсай ауылына қосылды. Сондай-ақ Семейдегі Караөлең, Социалистік Қазақстан ауылдары жабылған.