Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы да ұзартты

Қайрат Құдайберген былтыр 22 сәуірден бері қамауда отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы да ұзартты. 

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының биыл 16 тамыздағы мәліметінше, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамау мерзімі 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды», – деп жазылған ресми мәліметте. 

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасынан кейін тұтқындалды. 

Фото: esquire.kz