Балаева жаңа министрліктің тізгінін ұстады

Аида Балаева жаңадан құрылған Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына бекітілді.

"Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Балаева Аида Ғалымқызының кандидатурасы келісілді", – деп жазды Парламенттен.