Қазақстанға Албания президенті келді

«Ақорда» резиденциясында Албания президенті Байрам Бегайды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік Әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.