"Ерұлан Жамаубаевты полиция ұстап әкетті": Қаржы министрлігі желіде жарияланған суретке қатысты мәлімдеме жасады

Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полицияның ұстап алғаны бейнеленген сурет жарияланды. Суреттің астындағы сілтемеде министрді «Қазақстан Банкі»-нің  сотқа бергені туралы жазылған мақала орналастырылған. Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді, – деп жазады kursiv.media.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қатысты сот процесінің болмағанын, оның ұсталуына қатысты фотосуреттердің жалған екенін мәлімдеді.

«Желіде қоғамдық тәртіпті бұзатын себеп тудыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған анық емес, көпе-көрінеу жалған ақпарат таратылды. Осы құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп еске салды министрлік.