Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысында қалың тұман болады

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысында қалың тұман болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын көп жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан аймағының кейбір жерінде тұман түсіп, Ақтөбе облысында көктайғақ болады.