Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 08.25 шамасында (Астана уақытымен 11.25) болған.
Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18-қабаттан құлап, қаза тапты
876
оқылды

 Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18-қабаттан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Жергілікті Nocutnews басылымының хабарлауынша, ер адам Кимхэ қаласындағы тұрғын үйдің төбесіне сырлау жұмыстарын жүргізу үшін қорғаныш жолағын орнатып жатқанда абайсызда суағарды басып, артынша құлап кеткен.

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 08.25 шамасында (Астана уақытымен 11.25) болған.

«Оқиға орнынан дереу ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, ауыр жарақат алған 47 жастағы ер адамға медицина қызметкерлері көмек көрсете алмады», - делінген хабарламада.

Қаза тапқан азамат заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін, сондықтан өндірістегі жазатайым оқиғаларды реттейтін заң оның жұмыс берушісіне қолданылмайды.

Қазіргі кезде елдің Еңбек министрлігі жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтау үшін оқиға орнын тексеріп жатыр. Сондай-ақ полицейлер жазатайым оқиға екенін немесе қасақана кісі өлтіру дерегі екенін анықтауға кірісті.

Фото: basnews.kz