Қазақстан-Қытай шекарасы төрт күнге жабылады

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті бұл шара Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты қолға алынғанын нақтылайды.

"2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Бірақ қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра беретіні нақтыланады.

"Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.