Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы бортпен елге жеткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 8.00-де Израильдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін арнайы Air Astana ұшағы аттанған еді.
«Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16.45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр», – деп жазылған министрліктің хабарламасында.