Алматы облысына қарасты Қасымбек ауылында жергілікті тұрғынның үйінен 40 млн теңге ұрлаған қарақшылар ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 8 қазанда Жамбыл аудандық ПБ-ға 3 адамнан тұратын белгісіз қарулы топ Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңгедей қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түскен.
Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде 3 күдіктіні ұстады.
– Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы («Қарақшылық») бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.