БҚО-да анасын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды

Қайғылы оқиға БҚО-ға қарасты Шыңғырлау ауылында болған.

Батыс Қазақстан облысында анасын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының тұрғыны 18 қазан күні болған адам өліміне күдікті ретінде ұсталған.

"Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – делінген ведомство хабарламасында.