Сарыөзек-Көктал тасжолында жантүршігерлік апат салдарынан бір адам көз жұмды

Тергеу амалдары басталды

Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек-Көктал автожолының 93 шақырымында көлік апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап..

21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған.

Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

ІІМ баспасөз қызметі аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.