Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам тірідей өртеніп кетті

Ақтөбе қаласы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысты.

Оқиға кезінде жеңіл көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Ақтөбе-Богословка тасжолында болды. Бүгін сағат 17:30-да Бауырластар тұрғын алабының маңында «Toyota Estima» автокөлігі «Зил» жүк автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп кетті.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің айтуынша, жол-көлік апаты кезінде жанып кеткен жүргізушінің жасы мен ұлтын анықтау мүмкін болмаған.

Олар жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Ал жүк көлігінің 51 жастағы жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеген.