Бір аптада ел аумағындағы азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 азық-түлік түрі кіреді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 5% өсті. Бұл туралы Aikyn.kz медиа-порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 7 қараша/:

– Айран 2,5% – 414 тг/л;

– Рожки – 316 тг/кг;

– Сүзбе – 2105 тг/кг.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.