Ұлытау облысында балабақша ақысын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқығы қалпына келтірілді.

Прокурорлар биыл Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда төлемақының негізсіз қымбаттағанын анықтады,   деп хабарлайды Aikyn.kz

Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған, алайда олардың көтерме бағалары орта есеппен алғанда 10-20% арзан.

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.