Алматы хостелінде 13 адам қаза тапты: өлімнің алдын ала себебі айтылды

Марқұмдар көміртегі тотығынан уланып, қайтыс болған.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мурзамадиев хостелде көз жұмған 13 адамның өлімінің алдын ала себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қаза тапқандар өлімінің алдын  ала себебі –  көміртегі тотығынан улану", –  деді ол. 

Айта кетейік, 30 қараша күні сағат 05.33-те Алматыдағы Әди Шәріпов  көшесінде орналасқан хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Анықталғандай өрт салдарынан қаза тапқан 13 адамның 11-і  – қазақ, біреуі – өзбек, тағы біреуі орыс ұлтының өкілі.