Бүгін таңертең елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан ер адамның адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында «102» арнасына «Азия Парк» сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады", – делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.