Қорғалжын қорығына 700-ден астам жылқы жайылып келген: инспекторлар жұмыстан босатылды

Ақмола облысының прокуратурасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын
мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғаны анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен болған. Мұны тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті қорық инспекторлары ұйымдастырған, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.

"Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.

Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды", - деп жазды бақылаушы органнан.

Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.