Көкшетау қаласындағы жылыту бекетіне Тәжікстанның – 26, Өзбекстанның 2 азаматы, оның ішінде 2 бала жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқарушылар шетелдіктерді 9 желтоқсан күні сағат 01.00-де "Астана-Петропавл" тасжолындағы блокбекеттен эвакуациялады.
Ақмола облыстық ТЖД ел азаматтарына төтенше жағдайға тап болған кезде 112 нөмірі бойынша дереу хабарласу қажеттігін еске салады.