Атышулы "Слово пацана" сериалындағы баскиім Алматыда 400 мың теңгеден саудалануда

Жарнаманың сипаттамасында баскиім бірнеше рет киілгені, өлшемі жазылған.

Танымал жарнама сайттарының бірінде "Слово пацана" сериалындағы баскиімге ұқсас баскиім сатылымға шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Massaget.kz тілшісінің жазуынша, сатушы баскиімді 400 мың теңгеге бағалапты.

"Жүннен тоқылған баскиім. 70-жылдардағы аула стилі. "Слово пацана" баскиімі. Бірнеше рет киілген. Өлшемі - 57, 58-ге сәйкес келуі мүмкін, өйткені жүннен жасалғандықтан созылады. "Чушпандарға" арналмаған", - делінген жазбада.