Өскемен қаласында 13 желтоқсан күні із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жігіт бір күннен соң өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке қарағанда, 13 желтоқсан күні әйел адам полицияға хабарласып ұлының жоғалып кеткенін айтқан.
«Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған», – делінген ақпаратта.
14 желтоқсанда сағат 14.00 шамасында жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», – делінген хабарламада.