Ресейде тағы бір адам коронавирус жұқтырды

Ресейде тағы бір адам коронавирус жұқтырды

Бүгін Ресейде Италия азаматынан коронавирус анықталды, - деп хабарлады РИА Новости. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы аса ауыр емес. Онымен байланыста болған барлық адам медициналық бақылауға алынды. Италиялық 29 ақпанда Ресейге келіп, ал 2 наурызда медициналық көмекке жүгінген. Ол ауруханада инфекциялық боксқа жатқызылды.