Биыл елімізде алаяқтар 100 миллиард теңгеге жуық қаржыны қолды қылған

Қаңтар-қараша айларында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде "алаяқтық" бабымен 40 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Олардан келген жалпы шығын 97 млрд теңгені құрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ретте, мұндай бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа тиесілі – 19,9 мың жағдай. Бұдан әрі төлем карталарын пайдалана отырып алаяқтық жасау – 267 жағдай, несиелеу саласында – 53 жағдай және ақшалай қаражатты қарызға алу арқылы – 41 жағдай тіркелген.

Алаяқтық фактілерінің көбі Алматыда орын алған (8,5 мың жағдай). Антилидерлер тізімінде: Астана – 6,5 мың жағдай және Қарағанды облысы – 3,3 мың жағдай есепке алынған.

Ал ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (397 жағдай), Қызылорда (615 жағдай) және Жамбыл (806 жағдай) облыстарында тіркелді.

Жыл басынан бері 6 мың азамат жауапкершілікке тартылған.