Бельгиялық әйел асырап алған 21 жастағы Эдди Жан әлеуметтік желіде тағы да анасын іздеу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.
Бұл жолы ол "Көреміз" бағдарламасына қатысқанын айтты.
"Ардақты ағайын! Жәнібекпен таныстық, анасын бірге іздедік. Тың мәліметтерді "Көремізден" жуырда көресіздер", – дейді бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ баласының анасы болуы мүмкін 3 әйелдің бірі ДНҚ тестін тапсырғаны белгілі болды.