Баланың қайда оқитынын Egov-тан білуге болады

Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығымен және «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ-мен бірлесіп Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы мәліметтер» жаңа цифрлық құжатты іске қосты.

Бұл қызметті смартфоныңыздағы Egov Mobile электронды үкімет қосымшасы арқылы электронды түрде пайдалануға болады.

«Білім туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымының деректері, жас тобы, балабақша үшін топ атауы, мектеп үшін сыныбы мен литері және колледж үшін топ коды көрсетіледі. Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ, жеке куәлік секілді Egov Mobile мобильді қосымшасынан мәліметтерді ұсынуы жеткілікті», – деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Барлық ақпарат Egov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттарда «Отбасы» бөлімінде қолже­тімді. Мұнда балабақшаға баратынын, мектепте, колледжде оқитынын растайтын білім туралы мә­лімет берілген.

Енді оқу орындарынан қағаз түрінде анықтама­лар алу және талап ету алынып тасталады. Бұдан бас­қа, баланың білімі туралы цифрлық құжаттар ата-аналар үшін көлікте жүру картасын алуда және басқа да қызметтерге жүгінуде қажет болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі бұ­ған дейін техникалық және кәсіби білім дипло­мдарын цифрлық нұсқада беру бойынша жұмыс жүргізген болатын.

Бұл құжаттар да Egov Mobile мобильді қосым­шасында қолжетімді.

фото: maqat-tynysy.kz