Қазақстанда көлік иесі арнайы белгі орнатуға міндетті

Жаңа бұйрық күшіне енді.

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллоны бар көліктерге арнайы белгі орнату қажет.  Бұдан былай қара жиегі мен GAS жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрышты орнатуға міндетті.

Бұл талап Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығымен бекітілген. Жол қозғалысы ережесін көлік иесі сақтауы тиіс.