Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға тосын жағдайлар кезінде сақ болуы керек екенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомство мәліметінше, кейінгі тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігі күштері 145 шақыруға шыққан. Оның 68-і өртке байланысты болса, 77-і іздеу, құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты болған. Осылайша, 52 адам құтқарылып, эвакуацияланыпты.
"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгерісін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!" – деп жазылған хабарламада.