Шығыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам ажал құшты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға Өскемен-Семей тасжолының 23-шақырымында болған.
«9 қаңтарда сағат 15.25 шамасында Саратовка кенті маңында «Нива Шевроле» және «Тойота» маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.
Қазір абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.