«Әсем деген келіншек келді»: Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырды

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырғанын мәлімдеді.

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті", - деп жазды Қымбат Досжан.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.