Жетісу облысында әкімдік қызметкерлері ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жетісу облысында аудандық әкімдіктің қызметкерлері мемлекеттің қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеген. Сонымен қатар бұл ұйымда мүлде жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

«Тағы бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген», – деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Аталған фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп ескерті ведомствоның баспасөз қызметі.