Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызмет өкілдеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.