«Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда еліміздің 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталыгында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 16 ақпанда облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. қ.
Шымкентте күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. қ.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.