"Әкесі, туыстары табылған": шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты

Жанар Байсемізова Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын, елімізден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылғанын айтады.

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы әрі жүргізушісі Жанар Байсемізова шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын сүйіншіледі,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жанар Байсемізова Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын, елімізден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылғанын айтады.

"Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Бұған дейін сұлу қызымыздың туған әкесі, ағайын-туысы, ата-әжесі табылғанын хабарлаған едім. Джулиананың бағы ашылсын", – деп жазды Жанар Байсемізова.