Бас прокуратура Самат Әбіштің қайда екенін мәлімдеді

Бүгінде ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Қазақстанда жүр.

Бүгінде ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Қазақстанда жүр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бұған дейін Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғаған болатын.

"Мен тек істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы болуы мүмкін", – деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ ол қылмыстық істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

Еске сала кетсек, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.