"Қараған сайын жүрегім ауырады". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы туралы жазды

Ләйлә Сұлтанқызы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде жолдасы екеуінің суретін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын есіне алып, оған желіде әсерлі жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде жолдасы екеуінің суретін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

"Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем", – деп жазды журналист Instagram парақшасында.