Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Арман Оспанов (9-3) Алматыда өткен турнирдегі кездесуде ресейлік қарсыласы Расул Мирзаевты (18-2) нокаутпен жеңді.
Қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирі аясында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесті.
Жартылай жеңіл салмақтағы айқас бес раундқа жоспарланған еді, алайда Оспанов Мирзаевты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.
https://www.youtube.com/watch?v=7YGxyPJfiqQ
Бұл Арман Оспановтың кәсіпқой ММА-дағы оныншы жеңісі, ал Расул Мирзаев үшін карьерасындағы үшінші жеңіліс.
ММА-дың басқа файтерлері мен комментаторлар Оспанов пен Мирзаевтың жекпе-жегіне жоғары баға берді.