Жылыойдағы авариялық-құтқару жұмысы кезінде құтқарушы жігіт қаза тапты

Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жылыой ауданындағы су сору жұмыстарын жүргізу кезінде 23 жастағы азамат қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"2024 жылғы 29 мамырда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Ракым Бейбарыс Жалғасбайұлы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген болатын.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.