Прокуратура Кәрім Көкірекбаевтың ақтау үкіміне наразылық білдірмек

ҚР Бас прокуратурасы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкіміне оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтірілетінін хабарлады.

7 маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Көкірекбаевқа (Кәрім Көкірекбаев - ред) қатысты ақтау үкімін жариялаған болатын, - деп жазды Aikyn.kz. 

Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

"Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі", - делінген хабарламада.