Ертіс өзенінде шомылып жүрген жас жігіт суға батып кетті

Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсында суға түскен.

Қазіргі уақытта құтқарушылар су астынан жігіттің мүрдесін іздеп жатыр. Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсында суға түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«10 маусым күні сағат 14.30-да Ертіс өзенінің Павлодар қаласы Кенжекөл кенті маңында ер адам суға батып кетті. Ол шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Жас жігіт 1999 жылы туған», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.