Жігітіне хат қалдырған: Алматыда 27 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол SMM болып жұмыс істеген және қамқоршы апайынан бөлек тұрған.

27 жастағы Айлуна Рахым өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Ол бұл іске айыпты деп, бір жігіттің есімін жазып қалдырған. Бұл туралы марқұм қыздың құрбылары «НеМолчи» қорына жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Немолчи.кз»-ке 27 жастағы Айлуна Рахым есімді қыздың құрбылары жазды. Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол SMM болып жұмыс істеген және қамқоршы апайынан бөлек тұрған.

– 11 маусым күні кешкі сағат 7-де оның денесі табылды. Суицид жасаған қыз хат жазып қалдырған. Ол өз өліміне бір жігітті кінәлайды. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, үмітсіздік, қарым-қатынаста проблемалар болғаны анық. Алматы Полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз.

«Үмітсіз – шайтан». Достар, жақындарыңызды, өзіңізді үмітсіз жағдайға душар етпеңіз. Қазір елдің бәрінің жүйкесі жұқарған, адамдар шаршаған. Осындай әдемі, нәзік қыз қайтыс болды. Оған қарапайым ғана қолдау жетпеген. Сондықтан бәріңізден бір-біріңізге мұқият болуды сұраймыз», – деп жазды nemolchikz_official.

Қазақстан суицид бойынша 2023 жылы 178 ел ішінде 19-шы орынға табан тіреген.

«Достар, әр мәселенің шешімі бар. Өзіңе қол жұмсау – мәселенің шешімі емес. Егер сізге қолдау қажет болса, +77051510000 сенім телефонына жазыңыз», – делінген постта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.