Түркістан облысында ер адам досымен бірге әйелін зиратта зорлаған

Әйел айыпталушыларға кешірім бермейтінін айтты.

Сарыағашта 47 және 42 жастағы екі ер адам әйелді жабылып зорлаған, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәбірленген әйел зорлағандардың біреуінің әйелі екен. Яғни, ер адам әйелін досымен бірге зорлапты.

47 жастағы ер адам үйіне пеш орнату үшін жұмысшылар жалдаған.

Жұмысшылар пеш орнатып жатқанда, ол досымен бірге ішімдік ішкен. Әйел жұмысшыларға шай-тамақ берген. Мас ер адам соған қызғанып, жұмысшыны ұрып-соғып, қуып шыққан. Ал әйелді зиратқа апарып жазаламақ болған.

Досы екеуі әйелді ұстарамен қорқытып, таңғы 5-ке дейін қорлаған.

Сотталушылар өздерінің не істеп жатқандарын түсінбегендерін, қатты мас болғандарын айтып, өз кінәларын жартылай мойындады. 

Күйеуі басты зорлықшы ретінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Досы 9 жыл 6 айға сотталды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.