Алты облыста күн қатты ысиды: 16 маусымға ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейеді.

«Қазгидромет» жексенбі, 16 маусымға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, алты облыста қатты ыстық болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағай ойнап, еліміздің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Тек оңтүстігінде және республиканың орталығында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Қызылорда облысында қатты ыстық болады.

Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстанда, Ақтөбенің орталығында, Маңғыстау жағалауында, Ақмоланың оңтүстік-батысында, Жетісудың солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағандының орталығында, батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, шығысында, Жамбылдың оңтүстігінде, Алматының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының оңтүстігінде, Жетісудың шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.