Қоғамдық қабылдау бөлмелері жүйелі жұмыс істейді

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен аптада партияның ел аумағындағы қоғамдық қабылдау алаңдарында министрліктер мен әкімдіктер өкілдерінің, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының, сондай-ақ өзге де азаматтардың қатысуымен бірқатар кездесу өтті.

Азаматтар партияға түрлі мәселе бойынша жүгінуде. Атап айтқанда, өткен аптада су тасқы­нынан зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу және Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу, Үштөбе қаласындағы бау-бақша серіктестіктері мен білім ошағын сақтап қалу, Семейдегі балалар ауру­ханасында болған проблема және дәрілік пре­параттарды таңбалау сияқты бірқатар маңызды мәселе көтерілді.

Сонымен қатар мобильді қоғамдық қабыл­даулар Шығыс Қазақстан облысының Өрел және Аршаты ауылдарында және Батыс Қазақстан облысының Казталов кентінде азаматтарды көш­пелі қабылдау өткізді. Тұрғындар балаларды ем­дейтін тіс дәрігерлерінің, балаларға арналған ойын алаңдарының болмауы, сумен жабдықтау, ұялы телефон байланысы, сондай-ақ ақбөкендердің санын реттеу сынды өзекті мәселелерге назар аударды.

Өткен аптада «AMANAT» партиясының ел аумағындағы қоғамдық қабылдау алаңында 1 112 адам қабылданып, 1 688 өтініш келіп түсті.