Алматы облысында стенд атудан Азия кубогы өтеді

Азия кубогы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында өтпек.

20-30 қыркүйек аралығында Алматы облысында стенд атудан Азия  кубогы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше,  турнирге құрлықтағы 40 мемлекеттен 500-ден аса спортшы қатысады. 

Азия кубогы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында өтпек. 

Айта кетелік, бәсекеге атқыштар арасындағы элиталы спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.